Дәрігерлер Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккен әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.
"Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелді бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Әйелге қажет медициналық көмек көрсетілген. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір учаскелік дәрігер үйіне барып қадағалап жатыр. Науқастың жағдайы - қанағаттанарлық. Әйелдің жағдайы нашарлаған жағдайда дәрігерлер мен психологтар шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.
Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды
2020-12-21 08:20:16
Последние новости
21.12.2020
Гороскоп на 21 декабря
20.12.2020
С 25 декабря в Казахстане усилят карантин