Жол апаты "Жезқазған – Петропавл" автожолының 551 шақырымында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жантүршігерлік апат жайлы 19 желтоқсан күні сағат 17:28-де Нұр-Сұлтан тұрғыны хабар берді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ресейлік есепте тұрған Chevrolet TrailBlazer көлігінің 63 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан автокөлікті басып озбақ болып, қарсы бетке шыққан. Сол кезде DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Көлік рөлінде Рудный қаласының 38 жастағы тұрғыны отырған.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Тағы екі жолаушы – 25 жастағы қыз және 39 жастағы ер адам Есіл ауданының ауруханасына жеткізілді.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Қажеттті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды
2020-12-20 16:20:33
Источник:
http://www.matritca.kz/news/85143-amola-oblysynda-zhantrshgerlk-zhol-apaty-sh-adamny-mrn-idy.html#
Последние новости
20.12.2020
В Алматы открылся новый термальный бассейн