Кеденнен құны 53,3 млн теңге декларацияланбаған тауар өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған Комитеттің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері «Экспресс-жүк» ЖШС директорына қатысты істі тергеді. Ол «Алтын көл» кеден бекеті арқылы Қытайдан Қазақстанға теміржол контейнерлерімен әкелінген, кедендік құны 53,3 млн теңгені құрайтын декларацияланбаған тұтыну тауарларын кеденнен заңсыз өткізбек болған.
«Экспресс-жүк» ЖШС директоры ҚР ҚК 234-бабының 2-б. 4-т. (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) бойынша айыпты деп танылды. Оған мүлкін мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3,7 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - делінген хабарламада.
Кеденнен 53 млн теңгенің тауарын заңсыз өткізбек болған басшы сотталды
2020-12-20 08:20:15
Последние новости
20.12.2020
Внесены изменения в Трудовой кодекс РК
20.12.2020
Қаңтарда қанша күн демаламыз?
20.12.2020
Как отдохнут казахстанцы в январе
20.12.2020
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар енді мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатылмайды
20.12.2020
Гороскоп на 20 декабря