ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мәселен, Қылмыстық кодекске құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, судьяларды, пара берушілерді, парақорлыққа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға делдалдарды жазалауды қатайтатын түзетулер енгізілді.
Бұдан басқа, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігін болдырмайтын түзетулер енгізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға Мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін жаңа сыбайлас жемқорлыққа шектеулер енгізіледі. Қылмыстық сот өндірісінің жарыспалылығын, ашықтығын күшейтуге бағытталған нормалар қабылданды.
Бұрын айтылғандай, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу мүмкіндігі пайда болады, процеске қатысушылардың пікірін ескере отырып, процессуалдық шешімдерді, оның ішінде электрондық форматта прокурормен келісу рәсімі оңайлатылады. Айғақтары тергеу барысында сақтауға берілген адамдарды шақыруға және олардан жауап алуға жол беріледі.
Бұл ретте заң жобасында шетелдік банктердегі шоттарды иелену бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеуді енгізу тек мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар үшін ғана көзделген.
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар енді мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босатылмайды
2020-12-20 08:20:15
Последние новости
20.12.2020
Гороскоп на 20 декабря
19.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
19.12.2020
Самые сильные и слабые знаки Зодиака
19.12.2020
Гороскоп на 19 декабря