Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін жарияланған «Карантин шараларын қатаңдату туралы» Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 54 қаулысына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат берілді. Жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) белгіленді. Алайда аталмыш нысандардың жұмысы жексенбі күндері тоқтатылады.
Қаулыға енгізілген басқа да өзгерістер төмендегідей:
1) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін (жексенбі күндері тоқтата тұру) қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру; автобустар соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуі тиіс; «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қаласындағы № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттардың демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленсін;
2) жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30% - дан аспайтын, кемінде 4 ш.м. толтырумен, сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін сауда, ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру. Кинозал, ойын-сауық орталықтардың жұмысына рұқсат етілмейді; бұл ретте алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалардағы сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күндері тоқтатыла тұрсын;
3) күшейтілген санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтап, жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 22:00-ге дейін қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысына (қатаң түрде алдын ала жазылумен) рұқсат беру;
4) жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат етіледі;
5) бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, жұмыс күндері жұмыс режимін белгілей отырып, сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтап үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;
6) бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта, су айнасының 5 шаршы метр есебінен 1 адамға, сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беру; жұмыс демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын;
7) күшейтілген санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат етілсін. Жексенбі күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына тыйым салынсын;
Қостанай облысының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің осы қаулысы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 24:00-ден бастап күшіне енеді.
Қостанай облысында ертеңнен бастап карантиндік шаралар жеңілдейді
2020-12-19 08:20:15
Последние новости
19.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
19.12.2020
Самые сильные и слабые знаки Зодиака
19.12.2020
Гороскоп на 19 декабря
18.12.2020
Нам нужен престижный институт - А.Сарым
18.12.2020
Осторожно: комнатный цветок-убийца!
18.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ