Қостанай облысы Жангелді ауданында әйелге қасқыр шапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы әйел аудандық аурухананың дәрігерлеріне айтып берген. Оқыс оқиға өткен аптаның соңында болған.
"Ақкөл ауылына дәрігерлер шақырылды. Кейін олар зардап шеккен әйелді ауруханаға жеткізді. Алдымен біз оған құтыруға қарсы вакцинаны салдық. Бұл екпені жануар қапқан кезде салынады. Тіпті мұнда жануар тісінің іздері болды. Дәрігерлер науқасты 3 күн бақылады, кейін оны үйінде жіберді", - дейді бас дәрігер Қуат Әлмағамбетов.
Дәрігер екі жылдық тәжірибесінде мұндай жағдайға алғаш рет куә болғанын атап өтті.
"Әйелдің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. Оны хирург тексерді. Оған хирургиялық көмек керек емес", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.
Қостанай облысында әйелге қасқыр шапты
2020-12-14 16:20:12