Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың I-ші тоқсанының соңына ауыстырылады.
Бұл тұрақты норма. Заңда осы норманың 2020 жылдан бастап қолданылуы көзделген, яғни 2020 жылғы міндеттемелер бойынша 2021 жылы төлем жүргізу көзделген.
Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірге дейін созылды
2020-12-14 12:20:13