Павлодарда дәнекерлеуші 6 метр биіктіктен құлап кетті

2020-12-08 08:20:13
Жарақат алған 46 жастағы ЖШС қызметкері ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 желтоқсан күні сағат 11.45-те 46 жастағы ЖШС дәнекерлеушісі абайсызда алты метр биіктіктен құлап кетті. Ол Павлодардағы ғимараттардың бірінде жұмыс істеп жатқан еді», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті.

Жазатайым оқиға салдарынан жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.