Өшіп қалған бағдаршам Алматыдағы Сейфуллинде қатқан кептеліс туғызды

2020-12-08 08:20:13
Таңғы уақытта көлік кептелісінен онсыз да көз ашпайтын Алматыдағы Сейфуллин көшесінде бүгін таңертең бағдаршам істен шығып, ірі кептеліс кезінде көліктер соғысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрыған бағдаршам – Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы қозғалысты реттейтін бағдаршам. Бұл жерге полицейлер бірақ уақыт бойы келмей қойып, көшелердің қиылысына шығып алған көліктер әдетегідей бір-біріне жол бермей, оңбай кептеліп қалды.

Кептеліп тұрған жерде тіпті КамАЗ бен Toyota Carina көліктері соғысып үлгерді.

Бағдаршамдарға жауапты "СМЭУ Алматы" ЖШС-і бұл бағдаршам бойынша шағым түскенін, оқиға орнына бригада аттанғанын жеткізді.