Сайлау туралы жарияланған ақпаратқа мониторинг жүргізіледі

2020-12-07 16:20:12
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев баспасөз брифингінде сайлау туралы ақпаратқа мониторинг жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлауға қатысты бірдей ақпарат беруі керек. Мониторинг барысында осы бойынша анықталған ақпаратты Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне бағыттаймыз. Себебі 10 желтоқсаннан кейін шетелдік қоғамдық ұйымдар бақылайтын болады. Сондықтан барлық заң талабын сақтап, жауапкершілік алған жөн, - деді ол.

Ал ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік электоральді кезеңде қатысушылар туралы да бірдей ақпарат тарату қажеттігін айтты.

Егер ақылы материал болса, саяси партияның қоры өтегенін көрсетесіз. Егер кез келген саяси партия туралы ақпараттық материал жазсаңыз, барлық саяси партия туралы бірдей ақпарат беруіңіз керек. Тек бір партияны насихаттауға болмайды. 10 желтоқсанда саяси партиялар туралы ақпарат бірдей шығуы керек. Себебі сайлау туралы заң бойынша кандидаттардың ұсынылуы бірдей жазылмаса, мұның өзі бұзушылық болып табылады. Мұндай бұзушылықты Қазақстанның барлық ақпарат құралынан көруге болады, - деді Сүйіндік.