Алимент төлемеген астаналық пәтерінен айырылды

2020-12-07 08:20:13
Алимент төлемеген астаналық элиталы коттеджінен айырылды. Бұл туралы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қарыз төлеуші жеке мүлігін өз еркімен берген.

Жеке сот орындаушысының 2020 жылғы 17 тамыздағы қаулысына сәйкес оның қарызы - 3,857 миллион теңге.

"Орындау барысында борышкерге жеке сот орындаушысының мүлікті сату арқылы қарыз сомасын өндіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді. Келіссөздерден кейін ер адам алимент бойынша қарызды өтеу үшін жылжымайтын мүлікті өз еркімен беруге келісті", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші Toyota Camry көлігінен және Алматыдағы пәтерінен айырылғаны хабарланған болатын.

Одан бөлек, алимент төлемеген павлодарлық пәтерінен айырылды.