Жамбыл облысында бес адам зардап шеккен жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апатының куәгері зардап шеккендермен бірге бір бағытта келе жатқан Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

"Мен жол-көлік оқиғасы болған жерден шамамен 150-200 метр қашықта келе жаттым. Бәрі көз алдымызда болды. Видеода Lada Granta жүргізушісі мені қалай басып озғанын көруге болады, мен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүрдім. Mitsubishi Pajero жүргізушісі де мен сияқты оң жақ бағытта келе жатты. Ол айналып өтейін деп кенеттен солға бұрылған болуы мүмкін, сол сәтте Granta көлігі дәл қасында болды. Қазір жүргізушілер тасжолдарда барлығы жоғары жылдамдықпен ұшып жүреді. Pajero жүргізушісі қайтадан оңға бұрылғысы келді, бірақ үлгере алмады", - дейді куәгер.