Қарағанды ​​облысындағы тас жолда болған апаттың видеосы әлеуметтік желілерде кең таралуда, деп хабарлайды SputnikNews.KZ.

Автокөліктің санаулы секунд ішінде метал үйіндісіне айналған сәті оқиға куәгерлерінің видеорегистраторына түсіп қалған. Жол апаты 25 қазан күні 14.40-та болды.

Видео авторының машинасын қара түсті LADA көлігі жоғары жылдамдықпен басып озады да, көп ұзамай сырғып барып, жол жиегіндегі қоршауға соғылады.

Қатты соққы әсерінен асфальт бетінде бірнеше рет айналып, жолдың сол жақ қапталына сырғыған көліктегі ер адам (жолаушысы болуы мүмкін) таңғажайып жағдайда аман қалды. Орнынан тұрған ол өзіне қарай дөңгелеп келе жатқан қосалқы шинаны тоқтатып үлгереді. Бұл әрекетке қарап, оның ауыр жарақат алмағанын байқауға болады.