Шарм-әл-Шейхтен оралған елордалықтар әуежайда арнайы автобусқа отырғызатын кезде ПТР-тест тапсырмай қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Шарм-әл-Шейхтен келген екі елордалықтың ПТР-тесті болмаған. Олар ПТР-анализ тапсыру үшін арнайы автобусқа отырғызатын кезде әуежайдан қашып кетті", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.


Көлік полициясының қызметкерлері олардың қайда екенін анықтап, карантин стационарына жеткізген.

23 қазанға қараған түнде Қазақстанға 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы келді. Оның 962-сінде анықтама болған, 329 адам анықтамасыз келген.

Нұр-Сұлтанға - бес рейс, 522 жолаушы, анықтамасы бар - 373, анықтамасы жоқ - 149;
Алматыға - бес рейс, 728 жолаушы, анықтамасы бар - 548, анықтамасы жоқ - 180;
Ақтауға - бір рейс, 41 жолаушы, анықтамасы бар - 41.

Ведомствоның мәліметінше, анықтамасыз келген қазақстандықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР-анализ тапсыру үшін карантин стационарларына жатқызылған.

Жолаушылар Түркия, Мысыр, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден келген.