Қарағанды облысына ғарыштан оралған ресейліктер пандемияға байланысты әдеттегідей сый-құрметке бөленбеді. Жезқазғаннан 150 шақырым жерге капсуламен түскен «Союз МС-16» ғарыш кемесінің экипажы шұғыл түрде еліне жөнелтілді, деп хабарлайды КТК.
Капсуладан алдымен экипаж командирі Анотолий Иваншин шығарылды. Одан соң инженерлер Иван Вагнер мен Кристофер Кессиди шыққан. Бәрінің де денсаулығы жақсы. Ғарыш экспедициясында жеті ай жүргендер медицина, ғарыштық биология және физико-химиялық процестерге сараптама жасапты.
Ғарышкерлер жерге түскен соң, бірден Мәскеу облысындағы арнайы орталыққа аттандырылды. Пандемияға байланысты оларды күтіп алғандардың да қарасы азайған. Ғарышкерлер әзірге індеттен аман екенін растайтын анықтама алған жақындарымен ғана кездесе алады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии