Павлодар облысында бірге ішімдік ішкен ағайындылардың отырысы қайғылы жағдаймен аяқталды. Туған ағасы інісін өлтірді деген күдікке ілініп отыр, – деп хабарлайды AstanaTV.


Оқиға Ертіс ауданындағы Ертіс ауылында болды.

Полицияның дерегінше, ішімдік ішкен ағайындылар өзара сөзге келіп қалған.

Ағасы інісін аяқпен теуіп, ұрып-соққан. Алған жарақатынан бауыры ауруханада қайтыс болды.

Жанжалдың неден туындағаны тергеу барысында анықталады.

Руфат Кенжин, Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары: «Қазіргі уақытта аталған іске байланысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлімі бойынша іс қозғалды. Оған «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» бабымен айып тағылып отыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді.