Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбедегі "СК-Фармация" жұмысында заңбұзушылықтар анықтады. Олар коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда сатып алынуы керек болған дәрі-дәрмектерге қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, "СҚ-Фармация" қызметкерлері қолда бар дәрі-дәрмектердің саны туралы, "Авифовир" вирусқа қарсы препараттың бар-жоғы туралы нақты мәліметтер бере алмаған.
"СК-Фармация" Ақтөбе филиалының өкілі Нұрлан Жұбанышев препараттардың көбі ауруханада екенін айтты. Ссоңғы жеткізу қашан және қайда жүзеге асырылды және қандай көлемде деген сұраққа нақты жауап бере алмады.
Соның салдарынан қоғам белсенділерінде төрт қалада (Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау) екі айлық дәрілік қорлардың нақты болуына қатысты күмән туындады", - делінген хабарламада.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии