Алматыда "Қаратал" бизнес орталығында ішінде не бар екені белгісіз сөмкеге байланысты 300-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Белгісіз сөмкенің кесірінен Алматы орталығындағы ғимараттан 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды
Эвакуация сағат 12.40-та басталды. Ғимаратта жұмыс істейтін барлық қызметкер сыртқа шығарылды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне эвакуацияға бірінші қабатта белгісіз біреу қалдырып кеткен сөмке себеп болғанын айтты.
"Әйел сөмкені бірінші қабатта қалдырып кеткен. Сөмкеде қарапайым заттар болды. Біздің қызметкерлер барлығын тексеріп, сөмкенің иесін тапты. Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция.
Кеңсе қызметкерлері жұмысына оралды, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ
Айта кетейік, "Қаратал" бизнес орталығы Алмалы ауданында Шевченко көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында орналасқан.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии