Әлем елдері линолеум, желім, жасанды жібек алып жүрген жүгеріден Қызылордада сусын шығарып жатыр. Аймаққа қарасты Кейден ауылының тұрғыны отандық бизнес саласында бұрын-соңды болмаған кәсіп түрін игеріпті. Ақуыз, көмірсу мен түрлі витаминдерге бай дәнді дақылдан алынған өніммен тек әзірге аталған облыс тұрғындары қамтылып отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Кеңес үкіметі тұсында Жаңақорған ауданы Кейден ауылында мал бордақылайтын бірлестік болған. Жергілікті тұрғындар сиыр малын семірту мақсатында мынадай жүгеріні жүз деген гектарға еккен. Алайда, 90-шы жылдары бірлестік жұмысын тоқтатады. Дегенімен тұрғындар әлі күнге дейін осы жүгеріні егумен айналысып келеді.
Мыңға жуық тұрғыны бар Кейден ауылында жүгері жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Науқан кезінде егістік басынан ауылдың жас-кәрісін де кездестіруге болады. Соңғы екі жылдан бері бұл дақылға сұраныс арта түсіпті. Себебі ауылда осы жүгеріден сусын шығаратын өндіріс орны ашылған. Кәсіпорын иесінің айтуынша шырынының адам ағзасына пайдасы мол көрінеді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии