Нұр-Сұлтанда мобильді топ карантин режимін сақтауды бақылау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер, СЭС өкілдері және Байқоңыр ауданы әкімдігінің қызметкерлері өткен тәулікте бірқатар нысанды тексерді. Кейбір кәсіпорындар мен мекемелер карантин талабын орындамаған.
Байқоңыр ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше, жиі талап бұзған нысандар арасында белгілер мен дезинфекциялық кілемшелердің болмауы, жұмыс режимінің сақталмауы көп кездеседі.
"Таха Хусейн көшесі, 11 мекенжайындағы көлік жуу орнының иелері жұмыс режимін бұзған. Мекеме кешкі сағат 22:45-те ашық болған. Кенесары көшесі, 47 мекенжайындағы "Мафия" ойын клубы жұмыс істеген. Сондай-ақ, мобильді топ "Шанхай" базарынан талап бұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, кіреберістегі дезинфекциялық кілемшелер, белгілер мен санитайзерлер болмаған. Термометрия тексерілмеген. "Империя" СПА салоны (Ырғыз көшсі, 23) "Sova" караоке клубы (Күйші Дина көшесі, 24) "Мадина" дүкені (Борабай көшесі, 10) нысандарында тәртіп бұзу дерегі анықталған", - делінген хабарламада.
"Әр ауданда екі мобильді топ, біреуі – күндіз, екіншісі – кешке жұмыс істейді. Қазіргі таңда карантин шаралары күшейтіліп жатыр. Сондықтан мобильді топтар тексеретін негізгі орындар халық жиі баратын орындар: базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, мектептер, кәсіпорындар. Тексеріс барысында біраз кемшілі анықталып жатыр: жұмыс графигінің, маска тағу тәртібі, әлеуметтік қашықтықты сақталмауы, кассаларда адамдардың топталуы", - дейді Байқоңыр ауданы тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Икласова.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии