Ақтөбеде мейрамхана шектеу шарасын ескермей, түні бойы жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияға Ғазиза Жұбанова көшесіндегі мейрамхананың түні бойы жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, патруль полиция қызметкерлері және арнайы жасақ жауынгерлері жіберілді.

Залда және арнайы бөлмелерде 20-ға жуық демалушы болған.

«Полиция қызметкерлері мейрамхана әкімшісі қатысты материал жинап, қалалық тауарлар мен көрсетілітін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.