FlyArystan әуекомпаниясының KC7141 рейсі Алматыдан Қостанайға бағыт алған. Алайда, қонуға 22 минут қалғанда ұшақ кілт бұрылып, Алматыға кері қайтқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады SpytnikNews.kz.

"Ұшақ көкке көтерілген соң, 1 сағат 43 минут өткенде әуе кемесінде ақау тіркелгені жөнінде хабарлама іске қосылған. Ал бұл кезде Қостанай әуежайына қонуға 22 минут қалған болатын. Соған қарамастан ұшқыш кері бұрылып, Алматыға оралды", – делінген хабарламада.
Техникалық регламенттер рейсті жалғастыруға мүмкіндік беретіндіктен, әуе компаниясының шешімімен ұшақ Алматыға қайтарылды. Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген.

Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылды.


Қазіргі кезде ұшақтың ақауы қалыпқа келтіріп, одан әрі пайдалануға рұқсат етілді.