Өзбекстанда Сырдария облысында әйелінің көзіне шөп салған ер адам көз жұмды.Болған жағдай Хавас аудандық сотында қаралды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Ер адам әйелінің көзіне шөп салған кезде есінен танып, қайтыс болды. Көңілдесі жұрттың сөзінен қорқып, жедел жәрдем шақырмаған. Мұның орнына ол ер адамның денесін лақтырып жіберді.
Әйел ер адамның денесін үйінде алты сағат ұстаған. Түнде денесін алып шығып, жолға қалдырып кеткен.
Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 117-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мұндай бап бойынша кінәлі деп танылған адам үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сот әйелді адамның өміріне қауіп төнген кезде көмек көрсетпегені үшін кінәлі деп таныды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии