Ақтауда Lada Priora маркалы көлігі аударылып кетті, жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Лада.

Аймақтың Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 қазан кешкі уақытта болған, Lada Priora көлігінің жүргізушісі басты жолмен келе жатқан BMW жүргізушісіне жол бермеген.