ҚАЖК Сәтбаевта қызды зорлаған күдіктінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды zakon.kz.


Қарағанды қаласының тергеу изоляторында биылғы 06 қазанда тергеу-қамауға алынған, жас қызды зорлады деген күдіктінің денесі табылды. Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің алдын ала себебі-суицид. Тексеру кезінде қайтыс болған адамның денесінде қандай да бір дене жарақаттары анықталған жоқ, - делінген хабарламада.
Аталған факті СДТБТ - ға тіркелді, Қарағанды қаласы полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы келді. ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады.