Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 4 ұшақ қонды, рейстерді Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai жүзеге асырды, барлығы 478 жолаушы мен 28 экипаж мүшесі. Олардың 170-інде ПТР тестілері болмаған, немесе мерзімі өткен. Олар қаладағы қонақүйлерде орналастырылған ауруханаларға жатқызылды. Қызуы жоғары жолаушылар анықталған жоқ. ПТР тестін тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жібереді, - делінген хабарламада.