Мемлекет Басшысы "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 65-66, 474-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:


1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

"12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.