Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, 54 жастағы ер адамның денесі 19 қыркүйек күні шамамен сағат 01.00-де Жайық өзені маңындағы орманнан табылды.
Марқұм өзіне-өзі қол жұмсап, асылып өлген.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 54 жастағы ер адамның 8 күннен бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии