Нұр-Сұлтанда 12 мыңнан астам педагог (мектеп, колледж, балабақша тәрбиешілері) қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша онлайн-курстардан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері үшін жұмыс алгоритмдері жасалып, барлық нысандар санитарлық талаптарға сай дайындалған.
Бұдан бөлек, "Елордалық электронды мектеп" электронды платформасы әзірленді, онда қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, бейне-сабақтар мен сабақтар, білім берудің цифрлық ресурстары және т.б. орналастырылған.
Нұр-Сұлтандағы білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін "кезекші сыныптардың" жұмыс істеуі жоспарлануда. Бұл ретте барлық санитарлық нормалар қатаң сақталады. Педагогтардың 30%-ға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қашықтан оқыту кезінде компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз ету үшін шамамен 6 миллиард теңге бөлінді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық балаларын (шамамен 34,5 мың бала) қамтуға мүмкіндік береді.
Қашықтан оқыту курстарынан елордалық 12 мыңнан астам педагог өтті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}