Алматы облысының полициясы Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кедендік және шекаралық бақылау бекетінде қалыптасқан күрделі жағдайды шешуге атсалысты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Пандемияға байланысты Қытай Халық Республикасы өзге елдерден қабылдайтын көлік санын қысқартып, соның салдарынан өткізу бекетіндегі кезекте 2,3 мыңнан аса жүк автокөлігі ұзын-сонар кептеліске тап болған.
«Кептелістің ұзындығы 58 шақырымға жетті, жалпы саны – 2 мың 366 жүк көлігі. Аудан әкімі тез арада жедел штаб құрды. Штабқа кеден қызметі, шекара қызметі, полиция бөлімі, сондай-ақ жүргізушілер құрамынан белсенділер енді. Жедел штабтың күнделікті отырыстары барысында қалыптасқан жағдай тұрақталды. Аталған учаскеде қоғамдық тәртіпті бұзу, жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ», – деді Алматы облысы Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жандос Кавлиев.
Сондай-ақ жедел штабтың жүк көліктерінің жүргізушісімен тығыз қарым-қатынас орнатып, бекеттен жедел кесіп өтуге ықпал ететін делдалдардың заңсыз әрекеттерін анықтаған.
«Бұл – заңсыз әрекет. «Төте жолмен» өтуді жүргізушілердің өздері келіп ұсынбағаны белгілі. Делдалдар қатарынан бірнеше адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтары «Нұр Жолы» бекетінің маңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады. Құқық бұзушыларға әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданды. Бұл жердегі жағдай тұрақты және бақылауда», – деді Кавлиев.
Қытаймен шекарадағы бекетте 2 мыңнан аса жүк көлігі кептеліске тап болған
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
12.08.2020
Ограничительные меры усилят в выходные дни в СКО
12.08.2020
Damumed қосымша жазылған мәліметке қатысты: Бұл техникалық қателік емес
12.08.2020
60 нарушений выявлено в аптеках Усть-Каменогорска
12.08.2020