Ресейдің коронавирусқа қарсы жаңа вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі мұқият зерттелуі керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Тарик Язаревич мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ДДҰ ресейлік денсаулық сақтау саласына жауапты ведомстволармен байланыста екен.
Батыс сарапшылары коронавирусқа қарсы дүние жүзіндегі "алғашқы ресейлік вакцинаны" сынап тастады
Тарик Язаревич кез келген вакцинаның қауіпсіздігі мұқият зерттелуі керегін атап өтті. Осыған дейін ДДҰ Ресейді қауіпсіз және тиімді вакцияна жасау үшін арнайы стандартты қатаң сақтауға шақырған.
Сондай-ақ, АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучидің пікірінше, ресейлік тарап коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше нұсқасын көрсетуге дайын болған. Алайда олар вакцинаның пайдалы және қауіпсіз екеніне сенімді емес. Америкалық дәрігер Ресей жаңа вакцинаны дұрыс деңгейде тексергеніне күмәнмен қарайтынын жеткізді.
"Вакцина болып, оның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеу, екі бөлек дүние. Бізде көптеген вакцина бар. Егер басымызды қатерге тігіп, көптеген адамға зиянымызды тигізгіміз келсе, бұл істі алдағы аптада-ақ бастар едік. Әрине, біз оны қаласақ", - дейді Энтони Фаучи National Geographic журналисінің "Ресейде коронавирус қарсы вакцина бар ма?" деген сұрағына.
Айта кетейік, кеше Ресей президенті Владимир Путин елде коронавирус қарсы жаңа вакцина жасалғанын, оны алғашқылардың бірі болып, қызы алғанын мәлімдеген еді.
ДДҰ Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты пікір білдірді
2020-08-12 09:00:54
Последние новости
12.08.2020
Мәулен Әшімбаев: Сенат еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз етеді
12.08.2020
ЦИТАТА ДНЯ
12.08.2020
Пьяные девушки избили семейную пару в Алматы
12.08.2020
12 тамызға арналған ауа райы болжамы