Алматыда педагогке балалар үйінен ақша ұрлады деген айып тағылды

2020-08-11 13:00:49
Алматы облысындағы №1 балалар үйіннің әлеуметтік педагогы ондағы тәрбиеленушілердің шотынан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы балалар үйінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эля Алиева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Әлеуметтік педагог балалардың шотындағы ақшаны алып, қашып кеткен. 9 тамызда бұл дерек белгілі болды. Осы күні балалар үйінің директоры Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасына арыз жазды. Сондай-ақ, ол балалар үйінің қамқоршылар кеңесіне, Алматы облысы Қарасай ауданы прокуратурасына болған жағдайды айтып берді", - деп жазды Әлиева.

Балалар үйінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі полициядан әлеуметтік педагогты шұғыл түрде тауып беруді сұрады. Ол қамқоршылар кеңесінің мүшесі, директор болған жағдай әлі сенбей отырғанын жеткізді.

"Бұл мәселені объективті түрде қараған дұрыс болар еді. Директорды айыптап, асығыс шешім шығарудың керегі жоқ. Ол - керемет адам. Бұл - балаларды жақсы көретін бірінші директор. Ол балалар үшін аянбай еңбек етті. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болған жағдай ұжымға және балаларға моральдық және психологиялық жағынан кері әсер ететіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Тергеуді ұзаққа созу балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтік педагогты тез тауып беруді сұраймыз", - дейді Эля Әлиева.

Алматы қаласы полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Тергеу барысында тиіс сараптама тағайындалады. Нәтижесінде іске қатысты тиіс шешім қабылданады", - делінген хабарламада.