Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Арман Жетпісбай атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жетпісбай Арман Шәріпбайұлы 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев ауылында дуниеге келген. Білімі жоғары. 1993 жылы - Қазақ химия-технология институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Енбек жолын 1992 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған. 1998-1999 жылдары - «Алаутрансгаз», «Шымкентгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор болып жұмыс атқарған. 1999-2003 жылдары - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы Шымкент филиалы директорының орынбасары, «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры, «Қазкоммерцбанк Қырғызстан» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 2003-2018 жылдары аралығында «ARNA Корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, «ARNA Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, , «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып жұмыс атқарған. 2018 жылдан бүгінге дейін «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының бас директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Объектілердің құрылысын жүргізетін компания» корпоративтік қорының бас директоры лауазымдарын атқарып келді.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
2020-08-10 13:00:47
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77914-trkstan-oblysy-kmn-brnsh-orynbasary-taayyndaldy.html#talgar
Последние новости
10.08.2020
Казахстанские военные прибыли в Бейрут
10.08.2020
Пьяный водитель устроил ДТП в Алматы