Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы Бейрутқа аман-есен жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бейрут халықаралық әуежайында жасақты Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі бригадалық генерал Аби Карам және Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани қарсы алды.
"Біз Ливанға көмек көрсетудегі Қазақстанның осы игі ісін бағалаймыз және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз", - деді Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани.
Айта кетейік, биыл сәуірде төтенше жағдай кезінде елде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтар құрылды. Олар жедел әрекет етуге және Қарулы Күштер қолбасшылығының арнайы міндеттерін орындауға арналған. Әскери дәрігерлер еліміздің түрлі аймақтарында тапсырмаларды орындады және қазір ел басшылығының тапсырмасы бойынша Ливан халқына медициналық көмек көрсету үшін алға шықты.
Әр түрлі жағдайда жұмыс істеу үшін арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтың персоналы бітімгершілік дайындық бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен.
Еске салайық, 8 тамызда таңертең ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша порттағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін құрамында 29 әскери дәрігер мен 4 аудармашысы бар топ Бейрутқа жіберілген болатын.
Қазақстанның әскери дәрігерлері Бейрутқа ұшып келді
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
10.08.2020
За нарушения на каньоне Бестобе и Селетинском водохранилище будут штрафовать
10.08.2020
22-летний парень совершил разбойное нападение на заправочную станцию в Актобе
10.08.2020
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
10.08.2020