Алматыда элиталы сауна және бильярд клубы карантин кезінде жұмыс істеген

2020-08-08 09:00:45
Алматыда элиталы сауна және қымбат бильярд клубы карантин кезінде жұмыс істеген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше түнде жедел уәкілдер элиталы сауна мен карантин кезінде жұмыс істеген қымбат бильярд клубын анықтады.

"Бостандық ауданында элиталы сауна жұмыс істеді. Санитарлық нормалар мен талаптарға қарамастан, кешен өз жұмысын жалғастырған және келушілерді таңертеңге дейін қабылдаған. Тексеру кезінде мекемеде 12 адам болды, олардың 9-ы жеңіл жүрісті қыздар. Айтпақшы, моншаға барлығы кіре бермейді, ішкі қауіпсіздік қызметі кірудің қатаң жүйесін жүргізді. Бір уақытта дерлік басқа мобильді топ бильярд клубын анықтады. Мұнда 13 адамнан тұратын топ туған күн атап өткен", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Келушілер және монша кешені мен бильярд клубының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Видеода көрсетілген мекемелердің иелеріне қатысты 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.