Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 19 миллионнан асты

2020-08-08 09:00:45
8 тамызда таңғы статистика бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19,2 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің жобасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, әлемде COVID-19 вирусын 19 266 406 адам жұқтырған, 718 530 науқас инфекциядан көз жұмса, тағы 11 671 253 адам жазылып шыққан.

Вирус ең көп тараған елдердің тізімі мынадай:

АҚШ - 4,928,802 жұқтырды, 161,052 қайтыс болды,

Бразилия - 2 962 442 жұқтырды, 99 572 қайтыс болды,

Үндістан - 2 027 074 жұқтырды, 41 585 қайтыс болды,

Ресей - 875 378 жұқтырды, 14 698 қайтыс болды,

ОАР - 545 476 жұқтырды, 9909 қайтыс болды,

Мексика - 462,690 жұқтырды, 50,517 қайтыс болды,

Перу - 455 409 жұқтырды, 20 424 қайтыс болды,

Чили - 368 825 жұқтырды, 9958 қайтыс болды,

Колумбия - 357 710 жұқтырды, 11 939 қайтыс болды,

Иран - 322 567 жұқтырды, 18 132 қайтыс болды.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) коронавирус бойынша статистикасы өзгерек. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 18 902 735-ке жетті, 709 511 адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде 278 291 жаңа жағдай тіркелген.

Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирус жұқтырған 96 922 адам тіркелді. 70 680 адам сауығып, 1159 науқас қайтыс болды.