Қазақстанда осы кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 053 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 кішкентай бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Today.kz порталы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.
"Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.
Жалпы еліміз бойынша індеттен 70680 адам жазылды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, еліміз бойынша коронавирус індетінің 96 922 жағдайы расталды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии