Атырауда кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

2020-08-07 07:00:43
Атырауда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полиция мәліметінше, оқыс оқиға 6 тамызда шамамен кешкі сағат 19:45-те Көктем шағын ауданындағы азық-түлік дүкенінің маңында болған. Күдікті мас болған.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, ер адам қыздың қолынан ұстап, алып кетпекші болған. Алайда жергілікті тұрғындар мұны байқап, одан қызды тартып алған. Кейін олар полиция шақырған.

View this post on Instagram

По информации «АЖ», сегодня, 6 июля, около 7 вечера в пригородном микрорайоне Коктем 42-летний мужчина возле продуктового магазина пытался похитить маленькую девочку. Он взял её за руку и повёл, но люди, здесь все друг друга знают,  это заметили и отобрали ребёнка, а затем вызвали полицию. - Сотрудники незамедлительно приехали на место и задержали подозреваемого. Начато досудебное расследование по статье 121 УК РК (Насильственные действия сексуального характера), - сообщили в пресс-службе Департамента полиции. Этот человек на самом деле не местный, приехал в Атырау на заработки

A post shared by АҚ ЖАЙЫҚ (@azh.news) on

 

Последние новости