Bek Air ұшағының апаты: экс-шенеуніктер кінәсін мойындады

2020-08-06 15:00:44
Алматы облысында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты іс бойынша бұрынғы шенеуніктерге қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотталушылар қала әуежайына жақын жерді заңсыз беруіне байланысты айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Іс бойынша бұрынғы бес мемлекеттік қызметкер - Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Тұрысбеков, Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығының Талғар аудандық бөлімшесінің бұрынғы басшысы Жарас Мәшімбаев, сол орган басшысының міндетін атқарушы Медеу Қалыбеков, Талғар аудандық "жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" бөлімшесінің жерге орналастыру секторы басшысының міндетін атқарушы Берік Абдуллаев және сол ауданның жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Қайрат Алтынбекұлы өтеді.


Сондай-ақ, олармен бірге іс бойынша делдал-риелтор Нұрайым Алданыш өтеді. Тергеу мәліметтері бойынша, ол барлық шенеуніктерді бір-бірімен байланыстырып отырған.

Бұрынғы бес мемлекеттік қызметкер сотта өз кінәсін мойындады. Кінәсін мойындамаған жалғыз адам - риэлтор.

Сотталушылардың көбіне билікті асыра пайдаланды және алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Істі Талғар аудандық сотының судьясы Айдос Байғалиев қарайды. Риэлтордың адвокаттары соттың барлық құрамына қарсылық білдірді. Олар бұрынғы бес шенеунік пен олардың туыстары судьялармен таныс болуы мүмкін деп санайды, себебі барлығы Талғарда тұрады, ал айыпталушылар бір кездері мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған.

Мысал ретінде адвокаттар судья Еркебұлан Келемсейітовті келтірді. Ол сотталушылардың бірі Жарас Машимбаевпен таныс болғандықтан, өздігінен бас тартуға мәжбүр болды.

Алайда Талғар аудандық сотының барлық құрамы қарсылық білдіруден бас тартты.

"Қарсылық білдірушілерді қарайтын судьялар Талғар аудандық соты судьяларының осы қылмыстық іс бойынша мүдделілігі байқалмайды, өйткені адвокат Керімова Р.В. судьялардың бұл іске жеке немесе жанама түрде мүдделі екені туралы сенімді дәлелдер ұсынбады", - деп жазылған сот шешімінде.