Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясы барысында ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің бастығы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл пандемияға қатысты әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары көбейді. Өкінішке қарай, Қазақстан да бұдан тыс қалмады. Отбасылық зорлық-зомбылық 21 пайызға артты. Қазір полиция карантин талаптарын сақтау бойынша күрделі кезеңде жұмыс істеп жатыр. Жүктеменің жоғарылығына қарамастан көше мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтаумен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу деректерін де тіркеп жатыр, - деді ол.
Оспанов айтып өткендей, зорлық-зомбылыққа бейім азаматтар қашықтан бақыланып жатыр.
Оларды әлеуметтік мессенджерлердің видеобайланысы арқылы бақылау жүзеге асырылып жатыр. Үйдегі оқиғаға визуалды баға беріледі. Полиция органдарына зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты қоңыраулар бойынша арнайы алгоритм әзірленді. Онымен дүкен мен дәріхана сатушылары және 12 мың жәбірленуші танысты.
Өзін-өзі оқшаулау кезінде 8 мыңнан астам азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша жауапқа тартылды. Оның жартысы әкімшілік қамауға алынды. Дағдарыс орталығына 500-ден астам жәбірленуші бағытталды, - деді ол.
Карантин кезінде отбасылық жанжал 21 пайызға артты
2020-08-06 15:00:44
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77749-karantin-keznde-otbasyly-zhanzhal-21-payyza-artty.html#talgar
Последние новости
06.08.2020
Отбасылық тирандар қалай жазаланады?
06.08.2020
Генпрокуратура проверит Damumed
06.08.2020
ЦИТАТА ДНЯ