ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өндірісінде болған мұнай өнімдерін заңсыз өңдеу, шығару және сатуға қатысты қылмыстық іс аяқталып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
1972 жылы туған азамат 2016 жылдан бастап кәсіпкерлікпен, яғни облыстағы мұнай компанияларымен арада жасалған келісім шарттар негізінде мұнай бассейндерін тазалау, нефтешламдарды шығару және жою қызметтерімен шұғылданған. Алайда араға жылдар салып заңсыз әрекеттерге бет бұрғаны байқалады. Мұнай бассейндерін тазалау және қалдықтарды жою үшін жасалған келісімдерді пайдаланып, өңделмеген мұнай өнімдерін қыздырып, тұндырылған өнімді иемдену және сату жоспарын іске асырған. Пайда болған өнімді мұнай қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік құралдарының көмегімен кен орнынан алып шығып, заңсыз мұнай өнімінің тоннасын 110 мың теңгеден бірнеше заңды тұлғаларға сатуды жүзеге асырған.
Қылмыстық әрекеттердің жазасын Қызылорда қалалық №2 сотының қашықтықтан өткен ашық сот отырысы белгіледі.
ҚР ҚК 197 бабы 3 б. (мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) және 218 бабы 1 б. (қылмыстық жолмен түскен табысты заңды айналымға тартып, иемденіп және пайдалану) сәйкес, "Тандем Петролеум" ЖШС-нің директорына 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Жаза мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
Тоннасы 110 мың: қолдан мұнай жасап, фирмаларға сатқан тұлға сотталды
2020-08-06 13:00:44
Последние новости
06.08.2020
Будут ли казахстанцы отдыхать в День Абая
06.08.2020
Ақтау жағалауында қарбыздар өсіп кетті