Қазақстанда енді балалар құқығы бұзылған жағдайда «111 жедел қызметіне» хабарласып, шағымдануға болады. Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жанынан құрылған байланыс орталығы қыркүйек айынан бастап іске қосылады. Бұл туралы Балалар құқығын қорғау бойынша республикалық кеңес төрайымы Динара Закиева өзінің Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Аталған байланыс орталығына балалардың құқығы бұзылған кез келген жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жүгініп, көмек алуға болады.
«Бірнеше ай бойы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша екі маңызды жүйелік шешімді енгізу бойынша, атап айтқанда, барлық өңірлерде қиын өмірлік жағдайдағы және зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларды анықтау жөніндегі жедел топтарды ұйымдастыру, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес жанынан «111 жедел қызмет» байланыс орталығын ашу жұмыстары жүргізілді және бүгін біз оның қыркүйек айында өз жұмысын бастайтындығын хабарлауға қуаныштымыз», - деп жазды Д.Закиева.
Оның айтуынша, жылына балаларға қатысты 2 мыңнан астам қылмыс жасалады екен, оның 700-ге жуығы жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 60% отбасында болады.
«Әрқайсымыз "111" нөміріне уақытында хабарласып, балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуымыз керек. Әдетте, тергеу кезінде куәгерлер болғаны белгілі болады. Айналадағылар, көршілер болып жатқан келеңсіз жағдайларды байқаған кезде, оны түсінбей, не істеу керектігін білмегендіктен араласқысы келмейді.
Сонымен, егер балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет болған немесе отбасылық жағдайлар туралы білген кезде, қайда баруға болатындығын білу үшін, сонымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, оның өміріне және денсаулығына қауіп төнгендігі, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы бойынша немесе егер олар балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, жоғары вольтты беру желісін, су көзін көрсе, осындай жағдайлар жөнінде көмек көрсету үшін «Nur Otan» партиясы жанынан қыркүйек айының басында өз жұмысын бастайтын «111 жедел қызмет» байланыс орталығы ашылады», - деді Закиева.
Егер сіз кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, егер сіз балаға немесе әйелдерге қатысты қатыгездік, зорлық-зомбылық әрекеттері қолданылуы мүмкін екенін білсеңіз, олардың құқықтары бұзылса, 111 нөміріне күмәнданбастан қоңырау шалыңыз.
111 нөмірі құпия түрінде.
111 нөмірі әр аймақтың ІІД-мен байланысты болады.
111 нөмірі «Бақытты отбасы» жол картасы бойынша құрылған барлық жедел топтармен байланыста.
Қоңырау шалушыға қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беру қажет.
«Ең бастысы, барлығымыз осы мәселеге барынша қатысуымыз қажет. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда хабарлау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік таныту және «111» нөміріне хабарлау. «111» нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды», - деп сөзін түйді Кеңес төрайымы.
Елімізде балалар құқығын қорғау үшін «111 жедел қызмет» байланыс орталығы құрылды
2020-08-05 09:00:54
Последние новости
05.08.2020
Алакөлде 2 адам суға батып кетті