Қауіптің бірі – су. Алакөлдің Алматы облысына қарасты аумағында биыл екі адам батып кетті, хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Екеуі де рұқсат етілмеген жерде шомылған. Құтқарушылар «сақтыққа шақырып, үгіт жүргізгенмен, қауіпті аумақтарға қызықтап барып шомылатындар азаймай тұр» дейді.
Олар тереңдігі 6 метр, асты балдырлы жерде шомылған. Құтқарушылар мұнда суға түсуге болмайтынын ескертіп, жазып та қойған.
Демалыс орнының иесі Гүлман Сәттібаева: "Демалушыларға ылғи айтамыз, 9-10-нан кейін суға түсуге болмайды дейміз. Олар бізді тыңдамайды. Кейбіреулері ішіп алып, суға түсе береді. «Біз ақша төлеп жатырмыз» дейді. Неше түрлі сөздер айтады" деді.
Осындай салғырттықтың салдарынан биыл Алакөлдің Алматы облысындағы бөлігінде екі адам суға кетті. Құтқарушылардың дер кезінде көмек көрсеткенінің нәтижесінде 20 шақты адам құтқарылған. Алакөл өңірлік құтқару бөлімшесінің басшысы Марат Смағұлов: "Алакөл өңірінің құтқарушылары күнделікті ескерту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 18 адам құтқарылып, соның ішінде суға шомылу кезінде 3 бала құтқарылды. Екі қайғылы жағдай болды. Суға түсу ережесі бойынша түнде шомылуға болмайды" дейді.
Өткен жылы Алматы облысында тамыз айына дейін 40 адам суға кетіпті. Бір шүкіршілік етерлігі биыл бұл көрсеткіш екі есеге дейін кеміген.
Алакөлде 2 адам суға батып кетті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
05.08.2020
Вице-министр здравоохранения РК спас женщину от удушья
05.08.2020
Бейрутта болған жарылыстан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ - СІМ
05.08.2020
К.Токаев дал поручение обеспечить безопасность казахстанских граждан в Ливане
05.08.2020