Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланды.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына шағым 4 тамызда түскен.
"Елордалық әйел тұрғын үйдегі подъездің 6-қабатынан баланың мысықты лақтырып жібергенін айтты. Бұл фактіні полиция қызметкерлері тексерді. Мысықты осы үйде тұратын 2014 жылы туған бала лақтырып жіберген. Ол мысықты ауладан тауып алып, үйіне алып кірмекші болған. Алайда анасы мысықты үйге кіргізуге қарсы болыпты. Бала мысықты 6-қабаттан лақтырып жіберген. Салдарынан мысық өліп қалған", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.
"Заңды өкілдер жауапкершілікке тартылады", - дейді полиция департаментінің қызметкерлері.