Жамбыл облысы Полиция департаменті Алматы – Тараз тасжолында болған жол апатына қатысты пікір білдірді. Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылғы 3 тамызда сағат 06:40 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 193-шақырымында «Mazda 323» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Алматы қаласынан Тараз қаласына қарай бағытта келе жатып рөлді басқара алмай, нәтижесінде көлігі жолдың оң жақ жиегіне аударылған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, олардың біреуі - еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер.
Қордай ауданының орталық ауруханасына әртүрлі дене жарақатымен үш ер адам жатқызылды, келесі күні ауруханада 24 жастағы еркін күрестен спорт шебері қайтыс болды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін жол апатынан қазақстандық үш балуанның қаза тапқанын, тағы екі спортшының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Полиция департаменті жол апатынан көз жұмған үш балуанға қатысты ақпарат жариялады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
04.08.2020
Стали известны подробности о попытке похищения 6-летней девочки в Уральске
04.08.2020
Массовые похороны в Актау: Сестра покойной обратилась к казахстанцам
04.08.2020
Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылуы мүмкін
04.08.2020