2016 жылы туған қыз тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Қайғылы оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 21-44-те Қостанай қаласындағы Қайрбеков көшесінде болған. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы
«Ата-анасы жұмыста болған, кішкентай қыз үйдегі 3 үлкен баланың қамқорлығына қалдырылған. Бір сәт бала қараусыз қалып, ашық қалған терезенің жақтауына көтерілген. Төрт жастағы қыз москит торына сүйеніп тұрып, төменге құлап түсті», - деп хабарланады.
Зардап шегуші шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалайды. Қостанай облысының ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии