Егер адам көлікте келе жатса, маска тағуға міндетті ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтының телегам каналына сілтеме жасап.
«Егер қоғамдық көлікте (автобус, пойыз, ұщақ кеме немесе такси) болса, онда міндетті. Ал егер жеке көлік болса, міндетті емес.
Мұнда жеке көлікте, бір отбасы мүшелеріне маска тағу міндеттелмейді. Бірақ біз маска тағу ауруқаупін 30% төмендететінін көрсететін ғылыми негіздемені ескере отырып, оны тағуға кеңес береміз», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.
Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.
Жеке көлікте маска тағу міндетті ме
2020-08-01 09:00:46
Последние новости
01.08.2020
Ресторан сгорел на базе отдыха в Актау
01.08.2020
ПОМОЖЕТ ЛИ ПРАЙМЕРИЗ «НУР ОТАНУ» И СТРАНЕ?
01.08.2020
Депутаттар қайырымдылық жасады
01.08.2020
Қазақстанда орташа жалақы мөлшері қандай?