Депутаттар қайырымдылық жасады

2020-08-01 09:00:46
Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде Мәжіліс депутаттары еліміздің әр аймағында коронавирус індетінің салдарының қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қайырымдылық шараларын өткізді, деп хабарлайды NEGE.KZ.


Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қасиетті мерекеде депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасылар мен қарттарға азық-түлік пен қажетті заттарды және жеке қорғаныс құралдарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Асылбек Смағұлов және Нұржан Әлтаев мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен бірге қарттар мен көпбалалы отбасыларға барып, азық-түлік пен құрбандыққа шалынған малдың еттерін берді.