Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Норма "Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрыққа енді.
"Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19 таралуын болдырмау үшін:
COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобын анықтау;
Қорғаныш құралдары мен антисептик қолдануға, соның ішінде, ашық жерлерде де (көшеде, үйден тыс жерде) маска тағу;
Байланыссыз термометрияны қолдану;
Адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы;
Нысандардың ауасын тазартып тұру;
Стационарлардың жұмысы;
Ба смемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдаған санитарлық ереже мен талаптардың қатаң сақталуы;
Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19-дан бөлек ауру расталған науқастарға орын бөлу;
Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болмауы үшін орын бөлу", - делінген бұйрықта.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелгені хабарланды.
Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды
2020-07-30 15:00:47
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77410-aleksey-coy-maska-tau-boyynsha-byrya-ol-oydy.html#talgar
Последние новости
30.07.2020
Ураган сорвал крыши домов в ВКО