Алматы қаласы әкімінің 28 шілде 2020 жылғы № 3/261 Қаулысының негізінде қаладағы №1 балалар үйі жұмысын тоқатты. Енді шаһардағы соңғы балалар үйі де жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы журналистерге Алматы қаласы №1 балалар үйі директорының орынбасары Лариса Плотникова айтты. Оның айтуынша ұжымға Қаулы келіп, онымен қызметкерлер де, балалар да таныстырылған.
«28 шілдеде Алматы қаласы әкімінің қаулысы шықты. Қаулыда Алматы қаласы Білім басқармасына қарайтын балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын тоқтату туралы айтылған. Біз бұл туралы бір жарым жыл бұрын хабарлама алғанбыз. Психологиялық тұрғыдан дайын болдық», - дейді Л. Плотникова.
Балалар үйінің жабылуына себеп – ондағы тәлімгерлер санының күрт азайып кетуі. Мекеме мамандары қазір мұнда небәрі 44 баланың қалғанын айтады. Ал тамыз айында олардың саны тағы екі есеге қысқарады. Себебі, 16 бала колледжге жолдама алған, олар қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер үйіне ауыстырылады. Ал 5 бала осы аптада «SOS балалар қалашығы» мемлекеттік емес білім беру мекемесіне ауыстырылады. Қалған балалар да біртіндеп аталған қалашыққа жіберіледі немесе патронаттық отбасыларға беріледі.
«Мұндағы жағдайға қарағанда, тәлімгерлерге балалар қалашығында жақсы жағдай күтіп тұр. Олар коттеджде, 5 адам бір отбасында, ата-анамен бірге өмір сүреді. Мемлекеттің саясаты бойынша бала отбасы жағдайында, жылулықты сезініп өсуі тиіс. Бұдан олар жаман болмайды. Бүгін біз екі баланы жібереміз, қалған үшеуі дүйсенбі күні кетеді. Оларды бейімдеу үшін кәсіпқой психолог-мамандар жұмыс істейді. Олар қазір бөлініп бара жатқандарын уайымдап жүр. Әрине, бір-біріне көп жылдан бері бауыр басып қалды»,- дейді мекеме басшылары
Алайда қала билігі мен балалар үйі басшылығының бұл шешіміне тәрбиеленушілер қарсы. Олар бүгін мекеменің алдына жиналып, әкімдіктің қаулысына қарсылық танытты. Әкімдікке тәлімгерлер бірнеше рет хат жазып, балалар үйін жаппауды сұраған. Олар мемлекеттің қамқорлығында болуды қалайды.
«Алматыда жалғыз балалар үйі жабылды. Енді ол жоқ. Біз қазір мұнда 44 бала тәрбие алып жатырмыз, бізге осы жердегі жағдай ұнайды. Жақын күндері 5 баланы «SOS қалашығына» жіберуге шешім қабылданған, олардың екеуі күшпен ауыстырылып жатыр. Біз қазір қорғансызбыз. Бір отбасындай тыныш өмір сүріп жатырмыз. Біздің пікірімізді балалар үйінің басшылары да, қызметкерлері де тыңдағысы келмейді»,- дейді Александр Қайдаров.
Он бес жастағы Александрдың айтуынша, соңғы жылдары балалар үйіне әдейі көңіл бөлуді тоқтатқан. Он үш жылдан бері осында өмір сүріп келген жасөспірім тамақтың да нашарлағанын, ал бұрынғыдай қажетті заттарды беруді тоқтатқанына шағымданды. Соңғы жылдар тек жекелеген демеушілер әкелетін киімдерді ғана киетіндерін айтады.
Қалыптасқан жағдайға «Не молчи, дети.кз» қоры араласып, жоғарғы билік органдарының назар аударуын қалап отыр. Қор директоры Алмат Мұхаметжановтың айтуынша, балалар үйінің тәрибеленушілерін мемлекет қарамағынан аластату – мүлдем қате шешім. Жекеменшік мекемелер мен патронатты отбасыларға тиісті бақылау жасау қиын.
«Біздің сенім телефонымызға балалар хабарласты. Қиын жағдайда қалған жасөспірімдерге арналған 111 телефон номері болатын еді. Ол номерді барлық осындай балалар үйіне, мектептер мен түрлі мекемелердің қабырғаларына іліп қоятын. Ол колл-орталықта 40-тан астам психолог кезекшілік етіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп отыратын. Қазір ол да жабылды. Бізге азды-көпті шағымдар келеді. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз. Тиісті органдарға хат жолдап, балалар үйін қайтаруды талап етеміз», - дейді А. Мұхаметжанов.
Қор өкілінің сөзінше, баланы жеке қоғамдық қорлардың қарамағына берудің жағымсыз жақтары да бар. Жетім балалар қашанда мемлекеттің қамқорлығында болған. Мемлекеттік мекемелерді жауып, жетім баланы жеке кәсіпкерлердің қолына бергеннен ұтарымыз жоқ деп есептейді. Себебі, ондай жеке мекемелерге сенім жоқ. Кез келген уақытта жабылып қалуы мүмкін.
«Сондықтан біз осы қалыптасып отырған жағдайға арнайы тәуелсіз комиссияның тексеру жүргізгенін қалаймыз. Депутаттар, Үкімет мүшелері мен қоғамдық ұйымдар бірігіп, балалар үйінің жабылуына құқықтық баға берсін. Сондай-ақ патронаттық отбасыларда тұрып жатқан балалардың жағдайына ешкім алаңдап жатқан жоқ. Ішкілікке салыну, балаларды ұру жағдайлары аз емес. Оларды мемлекеттік тиісті органдар да жоспарлы түрде тексеріп отыруы керек», - дейді Алмат Мұхаметжанов.
Айта кетейік, бұдан бұрын қалада №2 балалар үйі де жабылған болатын. Қала билігі 2017 жылы қазанда мекеменің жұмысын тоқтатты. Оның орнына «Жанұя», «SOS балалар қалашығы» сияқты жеке мекемелер құрылып, баланы отбасындағыдай тәрбиелеу әдісі енгізілді.
«44 бала ғана қалды»: Алматыдағы жалғыз балалар үйі жабылды
2020-07-30 15:00:47
Источник:
http://www.matritca.kz/news/77409-44-bala-ana-aldy-almatyday-zhalyz-balalar-y-zhabyldy.html#talgar
Последние новости
30.07.2020
Ураган сорвал крыши домов в ВКО
30.07.2020
Ущерб на сумму 170 млн тенге нанесла государству преступная группа в Костанайской области
30.07.2020
ДСМ хатшысы ауысты
30.07.2020
ДСМ хатшысы ауысты